08.10.2008, 15:41 2790

Қазақстан үкімет басшысы мен "Самұрық" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы әлемдік шикізат және қаржы нарығындағы ахуалды талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен "Самұрық" холдингі директорлар кеңесінің төрағасы әлемдік шикізат және қаржы нарығындағы ахуалды талқылады

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Ричард Эванспен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар әлемдік қаржылық және шикізат рыноктарының ағымдағы жағдайын, сондай-ақ "Самұрық" холдингінің және оның құрамына кіретін компаниялардың іс-қимыл стратегиясы мен қазіргі жағдайдағы экономикалық ахуалын талқылады.

Холдингтің директорлар кеңесінің төрағасы, "Самұрық" және оның құрамына кіретін ұлттық компаниялар үкіметтің көмегімен ұзақ мерзімді жоспарларды тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеп жатқанын атап өтті.

"Егер мұнайгаз бизнесіне, темір жол және телекоммуникациялық салаларға қарайтын болсақ, бұл - ұзақ мерзімді сипаттағы жобалар",- деді Р. Эванс. Ол "бүгін қабылданатын шешімдер ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру барысына ықпал ететіні" туралы пікірін білдірді.

Сондай-ақ, ол тартылған капитал құнының артуын күту кезінде тиісті тарифтік-бағалау саясатына түзетулер жасау қажеттігіне тоқталды.

Р. Эванс үкіметпен бірлесіп атқарған іс-шаралар келешекте "Самұрық" холдингі үшін ғана емес, барлық Қазақстан экономикасы үшін оң тиімділікке қол жеткізуге жол ашатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында премьер-министр "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы басшылығының алдына ұзақ мерзімді жоспарларды түзету жөнінде бірқатар жаңа міндеттер қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны