31.10.2008, 09:57 3001

Қазақстан үкімет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының Федеральдық қорғаныс министрімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының Федеральдық қорғаныс министрімен кездесті

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше Пәкістан Ислам Республикасының Федеральдық қорғаныс министрі Ахмад Мухтар Чаудримен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Пәкістан арасындағы экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері туралы пікір алмасты.

Иңгімелесушілер энергетикалық саладағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. А. М. Чаудридің пікірінше, ядролық энергияны бейбітшілік мақсатта пайдалану саласындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін үлкен әлеует бар.

Тараптар екіжақты байланыстарды нығайту қажетігін атап өтті және өзара түсіністіктің қол жеткізілген деңгейі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны