29.12.2009, 12:03 2632

Қазақстан үкімет басшысы С гепатитіне қатысты ахуалды өзі тікелей анықтайтынын айтып уәде берді (толықтырылған)

Қазақстан үкімет басшысы С гепатитіне қатысты ахуалды өзі тікелей анықтайтынын айтып уәде берді (толықтырылған)

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов С гепатитіне қатысты ахуалды өзі тікелей анықтайтынын айтып уәде берді. Бұл туралы ол бүгін үкіметте журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұған дейін Алматы мен Астанада өткен баспасөз мәслихаттарында ауруханаларда балаларға қан ауыстырып құйған кезде С гепатитін жұқтырып алғаны жайлы хабарланған болатын. "Алматыда болған осы нақты мәселеге байланысты мен өзім тікелей мән-жайды анықтайтын боламын", - деді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "жалпы алғанда еліміздегі денсаулық сақтау саласының ахуалы идеалдан әлі де алыс, және бүгінгі күні барлық мәселе түпкілікті шешілген жоқ". Дегенмен премьер-министр мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласын дамытуға барлық шаралар қолданылып жатқанын атап өтті. Айталық, оның хабарлауынша, "кейінгі үш жылда түрлі қаржы көздерінен денсаулық сақтау саласының 200-ге жуық нысаны салынды".

Кәрім Мәсімов "денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе еліміздің алдында тұрған аса маңызды үш басымдықтың біріне жататынын" еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны