08.05.2008, 10:46 3003

Қазақстан үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімінің алдына бірқатар кезек күттірмес мақсаттар қойды

Қазақстан үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімінің алдына бірқатар кезек күттірмес мақсаттар қойды

Өскемен. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Иділғазы Бергеневке бірқатар тапсырмалар берді. Бұл туралы агенттікке Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Атап айтсақ, Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкіміне баға және облыстың ауылшаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударуды тапсырды. Сонымен бірге білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздық жүйесін жетілдіруге мақсатты жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кәрім Мәсімов бұған қоса алдағы жылыту маусымына дайындықты айрықша бақылауға алуды тапсыра келе өңірдің дамуы үшін өзекті мәселенің бірі шағын және орта бизнесті қолдау екенін атап көрсетті.

Облыс атқамінерлерінің жұмысын қорытқан үкімет басшысы "облыста бірқатар бағыттар бойынша жақсы жобалар бар екенін және оларды одан әрі жалғастыру қажеттігін " айтты.

Өскеменде болған мерзімінде үкімет басшысы қаладағы ірі супермаркетте болып, азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысты.

Еске сала кетейік, кеше, 7 мамырда Өскеменде облыс атқамінерлерінің жиналысы өтіп, онда Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімін таныстырды. Қазақстан президентінің жарлығымен бұл лауазымға Иділғазы Сәдуақасұлы Бергенев тағайындалды, ол бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны