15.09.2009, 09:30 1647

Қазақстан үкімет басшысы Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде болған өрттің себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия мүшелерін тыңдады

Қазақстан үкімет басшысы Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде болған өрттің себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия мүшелерін тыңдады

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының пемьер - министрі Кәрім Мәсімов кеше өткен үкіметтің отырысы барысында 13 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде болған өрттің себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия мүшелерін - ҚР премьер - министрінің орынбасары Серік Ахметовті, сондай -ақ, төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконы, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті, ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовті, Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Тәкеновті тыңдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырысты ашқан премьер - министр үкіметтің атынан төтенше оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Вице - премьер С.Ахметов наркодиспансерден өрт кезінде 41 адам қауіпсіз жерге көшірілгенін, 37 адам мерт болғанын хабарлады. "10 адам ауруханада жатыр, олардың екеуі жан сақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр", - деді С.Ахметов. Сондай - ақ, ол өрттің шығу себептерін тексеруге қатысты жауапты қызмет басшыларына берілген нақты тапсырмалар туралы және өрттің себептерін тексеруге қатысты қылмыстық істің қозғалғандығы туралы хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрі В.Божко өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткенін атап өтті. Сонымен бірге, В.Божко аймақ әкімдерінің назарын түгелдей дерлік денсаулық сақтау және білім беру нысандарын автоматтандырылған өртке қарсы қондырғылармен жабдықтау қажеттігіне аударды. Министр өрт - техникалық сараптама жүргізу, қаза болғандардың мәйіттерін анықтауға сот - дәрігерлік сараптау қызметкерлерінің тартылғаны туралы хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Ж.Досқалиев өрттен қаза тапқандардың өлімін анықтау себептерінің барысы туралы баяндады. Министр сондай - ақ, зардап шеккендерді емдеу ісіне қатысты да хабарлама жасады.

"2 адамның жағдайы өте ауыр. Талдықорғандағы дәрігерлермен бірге Алматыдағы күйік орталығының консультанттары да оларды аман алып қалу үшін барын салып жатыр", - деді Ж.Досқалиев. Министр дәрігерлердің өрттен жаппай зардап шеккендерге шұғыл түрде көмек көрсетудегі кәсіби біліктіліктерін атап өтті. "Олар кәсібиліктің биігінен көріне білді. 8 адамның жан сақтау бөлімінен шығарылуы - солардың еңбегі", - деді ол.

Өз кезегінде ішкі істер министрі С.Баймағамбетов ІІМ-нен комиссия мүшесі - тергеу комитетінің төрағасы Мұхаран Иміровтің Талдықорған қаласында жүргенін хабарлады. Ол өрттің шығу себептерін тексеріп жатқан тергеу органдары сараптама тағайындағанын, оның нәтижесі бойынша тергеу амалдарының әрі қарай жүргізілетінін баяндады. Ол "алдын ала мәліметтер бойынша қасақана өртеу болжамы расталмағанын және қазіргі уақытта тергеу электр желілерінің тұтануы немесе адамдық фактордың болжамын тексеріп жатқанын" айтты.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Тәкенов облыс әкімі жанындағы жедел штабтың жұмысы туралы баяндады. Ол барлық облыстық және республикалық шұғыл әрекет ету қызметтері мен сарапшылар үйлесімді жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Штабтың жұмысына тұрғындары Талдықорғанға емделуге келген Алматы облысының барлық аудандарының әкімдері тартылды.

Хабарламаны тыңдаған Кәрім Мәсімов ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке өрт кезінде қаза болғандардың отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетуді тапсырғанын атап өтті. "Жұмысты барлық зардап шеккендер материалдық көмекті қоса, қажетті көмек алатындай ұйымдастыру керек. Бұл - басты мәселе",- деді К.Мәсімов.

Сондай -ақ, премьер - министр аймақтар мен ведомстволардың жауапты басшыларына әлеуметтік саланың барлық нысандарында тексеру жүргізуді тапсырды.

Атап айтқанда, тез арада ғимараттардың техникалық жағдайын, олардың өртке қарсы техникалармен және қондырғылармен жабдықталуын тексеру қажет. Осыған орай К.Мәсімов "Жол картасын" іске асыруға бөлінген қаражатты пайдаланудың мүмкіндігін атап өтті.

Премьер - министр тексеріс нәтижесі бойынша төтенше жағдайға соқтыруы мүмкін кемшіліктерді анықтап, жою, сондай - ақ, жүйелі түрдегі өрт және техникалық қауіпсіздік шараларына қатысты нақты ұсыныстарды әзірлеп, енгізу қажеттігін атап өтті.

"Мен мемлекет басшысына баяндадым, ол өз бақылауына алды Біз бір апта ішінде Талдықорғандағы жағдаймен қатар, еліміз бойынша да жүйелі шараларды, әлеуметтік саланың барлық нысандарына қатысты нақты ұсыныстарды енгізуіміз керек", - деді К.Мәсімов.

Сондай - ақ, жауапты басшыларға жергілікті және республикалық бюджеттерде қарастырылатын, әлеуметтік сала нысандарының қауіпсіздігін күшейтуге қажетті қаражаттың мөлшерін анықтау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны