02.02.2010, 14:19 3257

Қазақстан үкімет басшысы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасын 1 маусымға дейін толықтыруды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасын 1 маусымға дейін толықтыруды тапсырды

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкімет басшысы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасын 1 маусымға дейін толықтыруды тапсырды. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекет басшысы айқын тапсырма берді, осыған байланысты сіздер 1 маусымға дейін тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты одан әрі дамыту бағдарламасын толықтырып, үкіметтің бекітуіне берулеріңіз қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, "өмірде біз осы мәселелерді шеше алуымыз үшін заңнаманы реформалау қажет".

Премьер бұған қоса тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты одан әрі дамыту мәселесі тек қана мемлекеттік қолдауға ғана арқа сүйеуге тіис емес екендігін атап көрсетті. "Өз үйін ұстауға лайықты шығынды адамдар да шығаруға тиіс", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны