06.10.2008, 17:18 1396

Қазақстан үкімет басшысының кеңсесін басқару міндеті вице-премьер Ербол Орынбаевқа жүктелді (толық нұсқасы)

Қазақстан үкімет басшысының кеңсесін басқару міндеті вице-премьер Ербол Орынбаевқа жүктелді (толық нұсқасы)

Астана. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысының кеңсесін басқару міндеті вице-премьер Ербол Орынбаевқа жүктелді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан үкіметінің қаулысымен үкімет басшысының кеңсесін басқару міндеті вице-премьер Ербол Орынбаевқа жүктелді",- делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай бұған дейін Қазақстан үкімет басшысының кеңсесінің меңгерушісі болып істеген Б. Сағынтаев Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңір атқамінерлерімен кездесуінде мәлім етті.

"Конституцияға сәйкес, мен Бақытжан Сағынтаевты Павлодар облысының әкіміне тағайындауға мәслихат депутаттарының келісімін алдым", -деді Н. Назарбаев.

Бақытжан Сағынтаев кейінгі жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде басшылық қызметтер атқарды, 2004-2007 жылдары осы мекемені басқарды.

Павлодар облысының әкімі қызметін 2003 жылдан бері Қайрат Нұрпейісов атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны