19.10.2009, 11:53 1738

Қазақстан үкіметі 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын осы аптада парламентке енгізеді

Қазақстан үкіметі 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын осы аптада парламентке енгізеді

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі осы аптада 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын парламентке енгізеді. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" ХДП фракциясының мәжілісі барысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Үкімет бюджеттің жоспарлы тапшылығының мөлшерін ағымдағы жылмен салыстырғанда 4,1% дейін ұлғайтуды ұсынуда. Абсолютті мөлшері оның шамамен 150 млрд теңге болмақ", - деді Кәрім Мәсімов.

"Қалыптасып отырған макроэкономикалық ахуалды ескере отырып, үкімет осы аптада 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын парламентке енгізеді ", -деді премьер-министр.

"Жалпы алғанда шығындарды 40 млрд теңгеге қысқартуды, бірқатар шығыстарды ағымдағы жағдайды ескере отырып қайта бөлуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны