02.02.2009, 15:12 1451

Қазақстан үкіметі ағымдағы аптаның барысында ел экономикасын тұрақтандыруға 5 млрд жуық доллар бөледі - үкімет басшысы

Қазақстан үкіметі ағымдағы аптаның барысында ел экономикасын тұрақтандыруға 5 млрд жуық доллар бөледі - үкімет басшысы

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан үкіметі ағымдағы аптаның барысында ел экономикасын тұрақтандыруға 5 млрд жуық доллар бөледі. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жалпы капиталдандыру бағдарламасына сәйкес Ұлттық қордан 4 млрд. АҚШ доллары бөлінгенін еске салып өткен Кәрім Мәсімов өткен аптада "Қазкоммерцбанкке" 1 млрд. АҚШ доллары салынғанын, сондай-ақ тағы 1 млрд. Халық банкіне бөлінгенін айтты.

"Үкімет пен Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің шешіміне сәйкес БТА-ның акционері боламыз. Осыған сәйкес біз бүгін 1 млрд. 750 млн. АҚШ долларын бұл банкке саламыз. Ал 200 млн. АҚШ долларын "Альянс банкке" депозитке саламыз", деді ол.

"Біз сонымен қатар бүгінгі шешімдерді ескере отырып, тағы бір миллиард, бесінші миллард шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін белгілі бір банктерге бөлінеді деп шештік. Бұл бүгін жүзеге асады", - деді Кәрім Мәсімов.

"Аптаның аяғына дейін Ұлттық қордан $4 млрд "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ына және бір миллиарды - "ҚазАгроға" аударылады, - дедң үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны