28.05.2008, 12:02 1335

Қазақстан үкіметі ағымдағы жылы экономикалық өсім қарқыны 5%-дан кем емес деңгейде болады деп болжайды

Қазақстан үкіметі ағымдағы жылы экономикалық өсім қарқыны 5%-дан кем емес деңгейде болады деп болжайды

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі экономикалық ахуал тұрақтанды деп санайды және ағымдағы жылы экономикалық өсім қарқыны 5%-дан кем емес деңгейде болады деп болжайды. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкімет экономикалық өсімді басқарып отыр деп үлкен жауапкершілікпен мәлімдеймін. Макроэкономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралардың арқасында жалпы алғанда жыл бойынша біз экономикалық өсім қарқыны 5%-дан кем емес деңгейде болады деп болжаймыз", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

"Бұл 2008 жылғы бюджетті қалыптастыру кезінде алынған бастапқы болжамдық көрсеткіштерден төмен", деді ол. "Бірақ, әділеттілік үшін айта кету керек, осы жылдың бюджеті сыртқы экономикалық ахуал ойдағыдай кезінде, дағдарыстың ауылы алыс кезде жасалып, парламентке жолданғаны мәлім", - деді ол.

Премьер-министр үкіметтің жұмыссыздықтың өсуіне және жалпы экономикадағы жұмысқа қамтылғандар санының азаюына жол бермегенін атап өтті.

"Қазақстанның қаржылық жүйесі әлемдік дағдарыстың сынынан сүрінбей өтті. Банктер өздерінің ағымдағы сыртқы берешектерін қайтарып жатыр, бірде-бір банк өзінің ішкі және сыртқы берешегі бойынша дефолтқа ұшыраған жоқ", - деді Кәрім Мәсімов.

"Қазір елімізде жүйелік қаржы дағдарысының болуына алғышарт жоқ. Ахуал тұрақтанды және біз жағдай одан әрі жақсарады деп болжаймыз", - деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны