28.05.2009, 11:53 1303

Қазақстан үкіметі аңшылық және балықшылық нысандары болып табылатын құнды хайуанаттар түрлерінің тізімін бекітті

Қазақстан үкіметі аңшылық және балықшылық нысандары болып табылатын құнды хайуанаттар түрлерінің тізімін бекітті

Алматы. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметінің 2009 жылдың 5 мамырындағы №625 "Аңшылық және балықшылық нысандары болып табылатын құнды хайуанаттар түрлерінің тізімін бекіту туралы" қаулысымен аңшылық және балықшылық нысандары болып табылатын құнды хайуанаттар түрлерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 шілдесіндегі "Жан-жануарлар әлемін қорғау, толықтыру және пайдалану туралы" заңының 8-бабының 21-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметі аңшылық және балықшылық нысандары болып табылатын қосымшада келтірілген құнды хайуанаттар түрлерінің тізімін бекітуді қаулы етеді.

Қаулыға сәйкес аңшылық және балықшылық нысандары болып табылатын құнды хайуанаттар түрлерінің тізіміне 52 балық және суда тіршілік ететін жануарлар түрлері, 34 сүт қоректілер және 59 құс түрі қамтылады.

Бұл қаулы алғаш ресми жария етілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді. Қаулының мәтіні ресми баспасөзде 28 мамыр, бейсенбіде жария етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны