27.10.2009, 14:56 2734

Қазақстан үкіметі азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға байланысты бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынуда

Қазақстан үкіметі азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға байланысты бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынуда

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға байланысты бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынуда. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымға дайындау барысы қаралған кезде мәжіліс депутаты Рамазан Сарпеков мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл заң жобасы жөнінде ҚР Иділет министрінің орынбасары Марат Бекетаев түсінік берді.

Сол секілді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрi күшейтуді қарастыратын заң жобасына сенат енгізген толықтырулар талқыға салынды. Осы мәселе бойынша түсінік беру үшін ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин шақырылды.

Комитеттің күн тәртібіне қазақстандық үлес, сондай-ақ "электрондық үкіметті" дамыту мәселелерін қарастыратын заң жобалары еніп отыр. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және сауда министрі Исет Исекешов баяндап берді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Валерий Петров "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының заңына Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау жүйесін құру бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының талқысына қатысады. Ал ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасына қатысты түсінік берді.

Сонымен қатар комитет мүшелері "Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын қарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны