19.06.2008, 19:43 2492

Қазақстан үкіметі "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасын тең қыржыландыру жөнінде Илемдік банкпен келіссөздер жүргізуде

Қазақстан үкіметі "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасын тең қыржыландыру жөнінде Илемдік банкпен келіссөздер жүргізуде

Қызылорда. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасын тең қыржыландыру жөнінде Илемдік банкпен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысындағы Көкарал бөгенінде болғаннан кейін өткен брифингте республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір біз "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жобасын тең қыржыландыру жөнінде Илемдік банкпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Автокөлік жолының басым бөлігі Қызылорда облысы арқылы өтеді. Келіссөздер аяқталуға жақын", -деді Кәрім Мәсімов.

Ол "автокөлік жолы өңірді дамытуға, жұмыс орындарын құруға, демек, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға мүмкіндік береді", деді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Илемдік банктің президенті Роберт Зеллик, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвеймен бірге жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны