11.05.2010, 11:35 1641

Қазақстан үкіметі бүгін кеден заңнамасына енгізілетін түзетулер топтамасын парламентке енгізеді

Қазақстан үкіметі бүгін кеден заңнамасына енгізілетін түзетулер топтамасын парламентке енгізеді

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі бүгін кеден заңнамасына енгізілетін түзетулер топтамасын парламентке енгізеді, бүгін өткен отырыста үкімет мүшелері түзетулер топтасын парламентке енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР қаржы министрі Болат Жәмішевтің хабарлауынша, мәжіліске : "Кеден ісі туралы" ҚР кодексінің жобасы, "Кейбір заңнамалық актілерге кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" ҚР кодексін қолданысқа енгізу туралы заң жобасы, Кедендік одақтың Кеден кодексі туралы келісім-шартын ратификациялау туралы заң жобасы, "Кедендік одақтың Кеден кодексі туралы келісім-шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобалары енгізіледі.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың тапсырмасы бойынша бүгін бұл заң жобаларын үкіметтің кеңсесі оған қол қоюға ұсынады, сөйтіп құжаттар бүгін парламентке бүгін енгізіледі.

"Басты мекеме ретінде Қаржы министрлігі заң жобаларының парламент арқылы өтуін қамтамасыз етсін", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны