07.09.2009, 11:04 1542

Қазақстан үкіметі бүгіннен бастап жанар-жағармай экспортына уақытша мораторий енгізеді

Қазақстан үкіметі бүгіннен бастап жанар-жағармай экспортына уақытша мораторий енгізеді

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі бүгіннен бастап жанар-жағармай экспортына уақытша мораторий енгізеді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен бүгін жанар-жағармай экспортына уақытша мораторий енгізу туралы үкіметтің қаулысына қол қоямын", -деді Кәрім Мәсімов ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

Бұдан бұрын өткен үкіметтің отырысында ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев қазір ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің АИ-80 маркалы жанармайдың тапшылығын тартып отырғанын, сол себепті жанар-жағармай экспортына уақытша мораторий енгізу қажеттігін айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны