13.10.2009, 10:15 1840

Қазақстан үкіметі дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды алып тастады

Қазақстан үкіметі дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды алып тастады

Астана. 13 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі дизель отынын экспорттауға салынған тыйымды алып тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Үкімет Қазақстан аумағынан бензин және дизель отынын әкетуге салынған уақытша тыйымды алды, деп хабарлайды агенттік ҚР үкіметінің 2009 жылдың 9 қазанындағы №1552 қаулысына сілтеме жасап.

Тыйым мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында қабылданған болатын.

Қаулыға сәйкес, бензинді 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін әкетуге тыйым салынған болатын. Тұрмыстық пеш отынынан басқа, дизель отынын 2009 жылғы 1 қарашаға дейін әкетуге тыйым салынған. Енді бұлар күшін жойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны