06.04.2010, 10:42 3332

Қазақстан үкіметі фильтрлі темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын көтерді

Қазақстан үкіметі фильтрлі темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын көтерді

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы үкіметінің 2010 жылдың 19 наурызындағы №219 қаулысымен фильтрлі темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today бүгін ресми БАҚ-тарда жарияланған үкіметтің осы қаулысына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, ұзындығы 45 - 85 миллиметр аралығындағы темекінің бағасы 40 теңгеден 60 теңгеге дейін көтерілді. Ал ұзындығы 87,1-ден 160 миллиметрге дейінгі темекілердің бағасы бір қорапшасына 50-ден 70 теңгеге дейін көтеріледі.

Бұл қаулы алғаш жарияланған сәттен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді, делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны