26.04.2010, 14:12 1669

Қазақстан үкіметі Қырғызстанға көктемгі егіс науқанын жүргізу үшін 3 мың тонна дизель отынын бөлді

Қазақстан үкіметі Қырғызстанға көктемгі егіс науқанын жүргізу үшін 3 мың тонна дизель отынын бөлді

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі Қырғызстанға көктемгі егіс науқанын жүргізу үшін 3 мың тонна дизель отынын бөлді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің селекторлық кеңесінде премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қырғызстанның уақытша үкіметі мемлекет басшысына қайырымдылық көмек көрсету туралы өтініш жасады. Мемлекет басшысы үкіметке тапсырма берді және сенбі күні үкімет 3 мың тонна мөлшерінде дизельдік отын бөліп, көмек көрсету туралы қаулы қабылдады. Мен осы қаулыға қол қойдым", деді премьер-министр.

Оның айтуынша, бұл дизель отыны Қырғызстандағы көктемгі егіс науқанын дер кезінде жүргізуге жұмсалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны