18.03.2008, 12:53 3329

Қазақстан үкіметі Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылдады (толықтырылған нұсқа)

Қазақстан үкіметі Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылдады (толықтырылған нұсқа)

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Көксарай су қоймасын салу туралы шешім қабылданды. Үкіметтің қажетті шешімін бір айда дайындап, алға қойлған барлық мақсаттарды шешуді тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов. "Сол себепті өз орынбасарым Шүкеевке осы жұмыстарды басқаруды тапсырамын. Оны біз биыл бастауымыз керек", - деді ол.

"Қазақстанның оңтүстігіндегі суға қатысты мәселе экономикалық және әлеуметтік маңызымен қатар ұлттық қауіпсіздігімізге де қатысы бар мәселе болмақ",- деді ол.

"Ирине, бұл шешімнің әлсіз жақтары да, қуатты тұстары да бар, біз осы қадамға саналы түрде, бәрін түсіне отырып барып отырмыз, өзіміз үшін аса маңызды мәселені шештік",- деді премьер.

"Бұл тақырыпты біз осымен жаптық, оған енді қайта айналмаймыз, ендігі жерде техникалық мәселелерді шешуіміз қажет",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны