15.12.2009, 18:08 3178

Қазақстан үкіметі науқастарға мейірбикенің күтімі қажет болатын аурулардың тізімін бекітті

Қазақстан үкіметі науқастарға мейірбикенің күтімі қажет болатын аурулардың тізімін бекітті

Алматы. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі 2009 жылдың 26 қарашасында "Паллиативтік көмек пен мейірбикенің күтімі қажет болатын науқастар санатының тізімін бекіту туралы" №1938 қаулыны бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі паллиативтік көмек пен мейірбикенің күтімі қажет болатын науқастар санатының тізімін бекітуді қаулы етеді", - делінген қаулы мәтінінде.

Атап айтсақ, бекітілген тізімге сәйкес паллиативтік көмек пен мейірбикенің күтімі қажет болатын адамдар санатына IV сатыдағы қатерлі ісікке шалдыққандар, терминалдық сатыдағы СПИД-пен ауыратындар, сондай-ақ, терминалдық сатыдағы асқындар ауруларға шалдыққандар (жүрек, өкпе, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігінің декомпенсациялық сатысындағылар, мидағы қан айналымы бұзылуынан ауыр зардап шеккендер) жатады.

Сондай-ақ, бұл көмек науқасқа шалдығу салдарынан шектеулі уақытқа өзіне-өзі қызмет көрсете алмай қалған адамдарға және (немесе) мүгедектерге көрсетіледі.

"Бұл қаулы ресми баспасөзде жария етілген сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде күшіне енгізіледі", - делінген қаулы мәтінінде. Қаулы бүгін, 15 желтоқсанда жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны