08.01.2007, 17:30 3464

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті (жиынтық нұсқа)

Қазақстан үкіметі отставкаға кетті , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов президенттің атына отставкаға кету туралы өтініш бергенін мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысының отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Елдің Ата заңына сәйкес, президент тарапынан үкімет басшысының отставкаға кету туралы өтінішін қабылдауы үкіметтің өкілеттілгі аяқталғанын білдіреді. "Ел президентіне мен өзіме абыройлы сенім жүктегені үшін үлкен ризашылығымды білдіремін.

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметі отставкаға кетті , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов президенттің атына отставкаға кету туралы өтініш бергенін мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысының отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Елдің Ата заңына сәйкес, президент тарапынан үкімет басшысының отставкаға кету туралы өтінішін қабылдауы үкіметтің өкілеттілгі аяқталғанын білдіреді.

"Ел президентіне мен өзіме абыройлы сенім жүктегені үшін үлкен ризашылығымды білдіремін. Президентпен бірге жұмыс істеу - еліміздің кез-келген азаматы үшін үлкен мәртебе, зор абырой деп білемін",- деді отырыста үкіметті 2003-жылдан бері басқарып келе жатқан Даниал Ахметов.

Сонымен бірге ол барлық үкімет мүшелеріне үш жарым жыл бойы тізе қосып жұмыс істегені үшін алғыс айтып, бұл - ел экономикасының қарқынды даму жылдары болғанын атап өтті.

Конституцияға сәйкес, үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанға дейін қазіргі үкімет мүшелері өз міндеттерін атқара береді.

Президент үкімет басшысының лауазымына кандидатураны сәрсенбіде өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында таныстырады деп күтілуде. Констиуцияға сәйкес, республика үкімет басшысын тағайындауға президентке парламент келісімін беруге тиіс. Парламент палаталарының бірлескен кезекті отырысы 10-қаңтарға межеленген. Үкіметтегі ақпарат көздерінің хабарлауынша, үкімет басшысының лауазымына бірнеше кандидатура қарастырылуда. Соның ішінде Ахметов үкіметінде вице-премьер болған Кәрім Мәсімов пен ҚР президенті әкімшілігінің төрағасы Иділбек Жақсыбековтың кандидатурасы қарастырылуда.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы үкіметтің жаңа құрамын жасақтау үшін жалпыұлттық "Нұр Отан" партиясының басшылығымен кеңес өткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны