12.01.2010, 18:16 3187

Қазақстан үкіметі республикаға енгізген кезде мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін дәрілік препараттардың тізімін бекітті

Қазақстан үкіметі республикаға енгізген кезде мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін дәрілік препараттардың тізімін бекітті

Астана. 12 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі "Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстанда мемлекеттік теркеуден өткізілмеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы қайырымдылық көмек ретінде енгізу оқиғаларын анықтау жөніндегі" 2009 жылдың 30 желтоқсанындағы № 2298 қаулыны бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 6-шы бабының 23-ші тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайларын айқындайды.

Қаулыға сәйкес, мұндай жағдайларға мыналар жатады: "Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою; аса қатерлі жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу және емдеу; сирек кездесетін (орфандық) ауруларды емдеу".

"Бұл қаулы ресми баспасөзде жария етілген сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде күшіне енгізіледі", - делінген қаулы мәтінінде. Қаулы бүгін, 12 қаңтарда жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны