27.10.2009, 17:25 3237

Қазақстан үкіметі рұқсатнама процедураларының шамамен 35%-ын алып тастамақшы

Қазақстан үкіметі рұқсатнама процедураларының шамамен 35%-ын алып тастамақшы

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі рұқсатнама процедураларының шамамен 35%-ын алып тастамақшы. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Рұқсатнама жүйесіне жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, елімізде мыңнан астам түрлі рұқсатнама, соның ішінде 504 лицензия мен басқа да 500-ге жуық түрлі сертификаттау, аккредитация, аттестация, рұқсат беру, келісу секілді рұқсатнама процедуралары бар болып шықты", - деді С. Ахметов.

Оның айтуынша, "солардың шамамен 35%-ын, нақтырақ айтсақ, 348 рұқсатнама процедурсын, соның ішінде 113 лицензиялауды алып тастау көзделуде".

"Адвокаттық, нотариалдық, бағалау және аудиторлық секілді жекелеген қызмет түрлері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің лицензиялаудан өзін-өзі реттеуге көшуге бағытталған күш-жігерін үйлестіру қажет", - деді вице-премьер.

Тауар экспорты мен импортына лицензия беру жөніндегі тиісті қаулының жобасы бүгін үкіметтің отрысында қаралып, мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны