13.04.2010, 13:04 3017

Қазақстан үкіметі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарын бекітті

Қазақстан үкіметі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарын бекітті

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін өткен үкіметтің отырысы барысында министрлер кабинетінің мүшелері "Серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарын", сондай-ақ, "Республикалық индустрияландыру картасын" бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Альберт Раудың мәліметінше, "Республикалық индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 6,8 трлн теңгенің 101 жобасын жүзеге асыру, 90 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделуде".

Осыған байланысты премьер-министр Кәрім Мәсімов үкімет басшысының орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевке "бұл бағдарламаны белсенді жүзеге асыра бастауды" тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны