04.05.2010, 12:56 4022

Қазақстан үкіметі стратегиялық жоспарлар мен меморандумдарды қалыптастыру тетіктерін қайта қарайды

Қазақстан үкіметі стратегиялық жоспарлар мен меморандумдарды қалыптастыру тетіктерін қайта қарайды

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлар мен меморандумдарды қалыптастыруындағы кейбір кемшіліктерді анықтады және оларды жасау тетіктерін қайта қарайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Менің тапсырмама сәйкес орталық мемлекеттік органдардың 2009 жылғы стратегиялық жоспарлар мен меморандумдарды жүзеге асыру жұмысына талдау жасалып, соның нәтижесінде кейбір кемшіліктердің беті ашылды", - деді Кәрім Мәсімов.

Осыған байланысты премьер-министр Қаржы министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігіне "стратегиялық жоспарларды жасаудың әдістемелік негізін жаңалауға" тапсырма берді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны