25.02.2009, 18:02 3490

Қазақстан үкіметі төрт және одан көп баланың туғаны үшін берілетін бір реттік жәрдемақы мен баланың бағым-күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақыны ұлғайтуды ұсынады

Қазақстан үкіметі төрт және одан көп баланың туғаны үшін берілетін бір реттік жәрдемақы мен баланың бағым-күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақыны ұлғайтуды ұсынады

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі төрт және одан көп баланың туғаны үшін берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін 30 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін және баланың бір жасқа дейінгі бағым-күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақыны ұлғайтуды ұсынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңға төрт және одан көп баланың туғаны үшін берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін 30 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін (68 750 теңге) және баланың бір жасқа дейінгі бағым-күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақыны ұлғайтуды қарастыратын түзетулер енгізуді ұсынып отыр.

Атап айтсақ, бірінші балаға арналған ай сайынғы жәрдемақыны 5-тен 5,5 АЕК-ке дейін, екінші балаға - 5,5-нан 6,5 АЕК, үшінші балаға - 6-дан 7,5 АЕК-ке дейін, төрт және одан көп балаға - 6,5-тен 8,5 АЕК дейін ұлғайту ұсынылған.

"Бұған қоса мүгедек балаларды әлеуметтік қолдауға қосымша шаралар қарастырылған. Республикада есепте тұрған 45,4 мың мүгедек бала бар, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектік жөніндегі мемлекеттік жәрдемақы мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді".

Мүгедек балалары бар отбасылардың жағдайын ескеру негізінде "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңға толықтыру енгізіп, мүгедек баланың әкесі немесе шешесіне, асырап алушысына, қамқоршысына ең төменгі жалақы деңгейінде жәрдемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылмақшы.

Заң жобасы авторларының түсіндіруінше, аталған нормаларды жүзеге асыруға арналған қосымша шығындар Қазақстан Республикасының "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы заңында 31462,8 млн теңге, соның ішінде 2010 жылға - 15096,3 млн теңге, 2011 жылға - 16366,5 млн теңге бөлу көзделген.

Үкіметтің бала тууды ынталандыру және демогарфиялық ахуалды жақсарту мақсатында ұсынған түзетулерін мәжілісте еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев таныстарытын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны