18.06.2008, 15:26 2547

Қазақстан үкіметі үлескерлердің проблемасын түбегейлі шешпек ниетте

Қазақстан үкіметі үлескерлердің проблемасын түбегейлі шешпек ниетте

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі үлескерлердің проблемасын түбегейлі шешпек ниетте. Бұл туралы бүгін "Жаңа салық кодексі жобасының басты ережелері" атты дөңгелек үстел барысында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кеше Елбасы үкімет мүшелерімен өткізген кеңесте бірнеше маңызды тапсырма берді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, осы жұмада үлескерлердің мәселесі бойынша үкіметтің арнаулы отырысы өтеді", - деді Кәрім Мәсімов.

"Қиын жағдайда қалған үлескерлердің мәселесі түбегейлі әрі толық шешіледі", -деді үкімет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алданған үлескерлердің проблемасын шешу жөніндегі шараларды қабылдауды үкіметке тапсырды. Президент мұндай тапсырманы кеше үкімет мүшелерімен өткен және бірқатар өзекті экономикалық мәселелер талқыланған жиналыс қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінде айтты.

"Мен үкіметке шаралар қабылдауды тапсырдым. Мемлекет үлескерлерді алдаған адамдарды тергеуді бастайды. Құқық қорғау органдары тез арада бұл іспен айналысулары керек", - деп атап көрсетті ол.

"Бұдан былай осындай жағдайға жол бермеу үшін заңнаманы өзгертіп, құрылыс салушылар үшін де, банктер үішн де жағдай жасау керек. Осындай тапсырма берілді, үкімет ел заңына өзгеріс енгізеді",- деді ол.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев "бұл мәселе бойынша ешбір шу тудырудың қажеті жоқ",- деді. "Икімдіктер ешбір шу немесе дау-дамай тудырмай-ақ, адамдарға жайымен түсіндіре жұмыс істеп, мәселені шешуге тиіс",- деді президент.

"Ал үлескер мырзаларға айтарым, сіздер мемлекет айналыспайтын шаруамен айналысуға мәжбүрлеп отырсыздар. Бұдан былай ойламдырақ болады деп сенемін. Құрылыс салушы компанияны өздері тауып, өз беттерімен ақшасын берген, үкіметтің қатысуынсыз шарт жасасқан адамдар үшін негізі үкімет жауап беруге тиіс емес. Біз азаматтардың өз проблемасын сот арқылы өз беттерімен шешуін күте алар едік. Бірақ көп адам зардап шеккендіктен, біз олай істей алмаймыз",- деді президент.

Н. Назарбаев қазіргі уақытта үлескерлер проблемасы Астана мен Алматы қалаларында байқалып отырғанын атап өтті. "Алматыға арнайы тапсырмамен премьер-министр барып қайтты. Жай-жапсарын зерттеді. Жаңа әкім Ахметжан Есімовтың әрбір нысан, әрбір үй бойынша тыңғылықты айналысқанын айта кетуім керек. Және, әрине, қала бюджет қаражатының көмегімен осы мәселені шешу үстінде", - деді ол. Президент атап көрсеткендей, Астанада мұндай проблемалы құрылыстар саны - 18. Оның 4 558 үлескері зардап шегіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны