29.12.2009, 13:39 3076

Қазақстан үкіметі жанар-жағармай бағасын реттеуді одан әрі жалғастырады

Қазақстан үкіметі жанар-жағармай бағасын реттеуді одан әрі жалғастырады

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі жанар-жағармай бағасын реттеуді одан әрі жалғастырады. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Меніңше, біз жанар-жағармай нарығындағы ахуалды айтарлықтай айқын бақылауға алдық. Маған белгілі ақпарат бойынша, АИ-92 - 93 жанармайының бағасы ел бойынша 82 теңге деңгейінде тұрақтанды", - деді Кәрім Мәсімов. Ол бұған қоса "бағаны реттеу біздің тұрақты бақылауымызда болады", деп таап өтті.

"Біз оны нақты жүзеге асыра алдық, бұл 2010 жылы да, 2011 жылы да жалғасады, одан әрі де солай бола бермек... Жанар-жағармайдың бағасын реттеуді енді біз заңдық тәртіппен рәсімдейміз, қазір Энергетика министрлігі бұл мәселені дәйектеу үстінде", - деді премьер.

Дегенмен, оның айтуынша, АИ-95 және АИ-96 маркалы жанар-жағармайдың бағасы "нарықтық ортада болуға тиіс". "Егер сен 200 мың доллар тұратын көлік сатып алған екенсің, онда АИ-95 пен АИ-96 маркалы жанармайға да ақша табасың", - дейді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны