11.12.2008, 17:54 4603

Қазақстан үкіметінің қаулысымен 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы бекітілді

Қазақстан үкіметінің қаулысымен 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы бекітілді

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Қазақстан үкіметінің қаулысымен 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді:

1. 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы бекітілсін.

2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:

1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қортындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Шөкеевке жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны