13.06.2012, 14:15 4255

Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкерлері мемлекеттік қызметші болмайды

Бұл норма "Ұлттық банк қызметін ұйымдастыру, қаржылық рынок пен қаржылық ұйымдарды реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген, оны мәжіліс сәрсенбіде пленарлы отырыста бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкерлері мемлекеттік қызметші болмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Ұлттық банкінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер құрамынан заңды түрде шығарылады.

Бұл норма "Ұлттық банк қызметін ұйымдастыру, қаржылық рынок пен қаржылық ұйымдарды реттеу мәселелері жөніндегі кейбір заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген, оны мәжіліс сәрсенбіде пленарлы отырыста бірінші оқылымда мақұлдады.

Палатаның қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысына қарағанда, заң жобасында Ұлттық банктің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік қызметшілер құрамынан шығару көзделген.

"Бұл норма үшін 2012 жылы 1-наурыз күні президенттің келісім берген қарары бар", делінген онда.

Мәжілісте заң жобасын ұсына отырып, Ұлттық банк жетекшісінің орынбасары Бисенғали Тәджияқов атап өткендей, негізгі міндеттерін тәуелсіз орындау үшін орталық банк персоналды басқару мәселелерінде тәуелсіздікке ие болуға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны