03.06.2014, 20:24 2639

Қазақстан велоспорттан өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есеп бойынша екінші орын алды

Азия чемпионатына Қазақстан, Ауғанстан, Бруней, Қытай, Шығыс Тимор, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Иордания, Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Ливан, Макао, Малайзия, Монғолия, Пәкістан, Катар, Сингапур, Шри-Ланка, Сирия, Тайланд, Қытай Тайбэйі, Түркменстан, БАИ, Өзбекстан мен Вьетнамнан 500-ден астам спортшы қатысты.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің қолдауымен ересек және жас спортшылар арасында велоспорттан өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Азия чемпионатына Қазақстан, Ауғанстан, Бруней, Қытай, Шығыс Тимор, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Иордания, Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Ливан, Макао, Малайзия, Монғолия, Пәкістан, Катар, Сингапур, Шри-Ланка, Сирия, Тайланд, Қытай Тайбэйі, Түркменстан, БАИ, Өзбекстан мен Вьетнамнан 500-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды ведомство.

Қазақстанға, соның ішінде Қарағандыға алғаш рет ат басын бұрған халықаралық велоспортшылар кеңесінің президенті Брайан Куксон Азия біріншілігіне жоғары баға берді.

"Мен үшін бұл чемпионатқа келіп отырған осыншама Азия спортшылары сайысын тамашалау үлкен қуаныш", - дейді.

Қазақстандық және әлемдік велоспорттың аты аңызға айналған қаһарманы Александр Винокуров жас спортшыларға батасын берді. "Біздің команда өте сәтті өнер көрсетті. Шоссе мен тректе де жергілікті жанкүйерлерді жрге қаратқан жоқ. Нәтижесінде отандық спорттың деңгейі арта түсті. Бұл үлкен жетістік", - дейді А.Винокуров.

Бейресми медальдық қорытындыда Қазақстан құрамасы екінші орын алды. Сонымен қатар қазақстандық спортшылар командалар арасында ең көп 11 алтынға қол жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны