01.04.2015, 22:50 3841

Қазақстан Венгрия азаматтары үшiн визасыз режим орнатады

Қазақстан Венгрия азаматтары үшiн визасыз режим орнатады, ал Венгрия бiздiӊ елдiӊ азаматтары үшiн бұл тәртiптi жеӊiлдетедi. Бұл туралы бүгiн бизнес-форумда Венгрия Премьер-министрi Виктор Орбан мәлiм еттi

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Венгрия азаматтары үшiн визасыз режим орнатады, ал Венгрия бiздiӊ елдiӊ азаматтары үшiн бұл тәртiптi жеӊiлдетедi. Бұл туралы бүгiн бизнес-форумда Венгрия Премьер-министрi Виктор Орбан мәлiм еттi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгiн мен Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестiм. Бiз жаӊа визалық режим туралы келiсiмге келдiк. Венгрия азаматтары Қазақстанға визасыз режиммен келетiн болады. Ал бiз өз кезегiмiзде шенген режимi аясында Қазақстан азаматтарыныӊ Венгрияға келуiн жеӊiлдетуге тырысамыз", - дедi Виктор Орбан, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны