14.09.2009, 11:52 1429

Қазақстан вице-премьері наркологиялық диспансерлерде адамдарды ұстау ережелерін қайта қарауды ұсынды

Қазақстан вице-премьері наркологиялық диспансерлерде адамдарды ұстау ережелерін қайта қарауды ұсынды

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан вице-премьері Серік Ахметов наркологиялық диспансерлерде адамдарды ұстау ережелерін қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Серік Ахметов мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне арнаулы мекемелерде адамдарды ұстау жайына қатысты тапсырмалар бердік. Ондағылардың 80%-ы соттың шешімімен отыр, сол себепті терезелерге шарбақтар орнатылып, науқастар қашып кетпеу үшін түнде олардың сыртқы есіктері жабылады. Осындай ережені қайта қарау қажет, расында да егер науқас қашып кеткісі келсе, күндіз серуен кезінде де қашып кетпей ме?", - деді С. Ахметов.

"Мүмкін осы диспансерлерндің терезелеріне тор-шарбақтар орнатпау керек шығар. Қандай жағдайда да олар қаланың орталығында орналасқан және қоршалып, қорғауға алынған", - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде шыққан өрттен 37 адам қаза болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны