23.07.2008, 15:17 2877

Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Қызылорда. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін " - Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев жұмыс сапарымен бүгін Қызылорда облысыга барды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қорқыт ата" әуежайына келіп қонған вице-премьер Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовпен бірге тікұшақпен Сырдария ауданына күріш егілген алқаптарды аралауға шықты.

Тереңөзек аудан орталығында қуаты тәулігіне 300 тонна күріш өңдейтін зауытты аралағаннан кейін Ө. Шүкеев түсім жинау науқанына дайындық барысымен танысты. Облыстьық ауылшаруашылығы басқармасының бастығының міндетін атқарушы Талғат Дүйсенбаевтың айтуынша, күріш егістігінің небәрі 45,7% жақсы жағдайда, ал жалпы күріш егілген алқаптар су тапшылығынан 61,6 мың гектарға дейін азайтылған. Егістіктердің 51% қанағаттанарлық, 3,3% - нашар жағдайда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылордаға келгеннен кейін вице-премьер "Қорқыт ата" атындағы әуежайды реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты, оны жүзеге асыру жүк және жолаушы тасымалы қызметін халықаралық стандартқа сай көрсетуге мүмкіндік береді.

Сырдария арқылы өтетін бөгенде "Қызылорда қаласының қорғаныс бөгендерін жөндеу және жағалауды нығайту" жобасы мен "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау" жобасының екінші кезеңіне дайындық жобалары таныстырылды.

Бұдан кейін вице-премьер "Сырдария" атты жаңа ықшамауданда салынатын 1248 орынды жаңа мектептің құрылысымен танысты.

Бүгін сонымен бірге Ө. Шүкеев қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Қызылорда ЖЭО аралап көреді. Облыстық бюджеттен бұл мақсатқа алғаш рет 2,5 млрд теңге бөлінген.

Кешке облыстық әкімшілікте Қазақстан вице-премьерінің қатысуымен кеңес өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны