15.09.2009, 12:29 1432

Қазақстан вьетнамдық студенттерге шәкіртақы тағайындауға шешім қабылдады

Қазақстан вьетнамдық студенттерге шәкіртақы тағайындауға шешім қабылдады

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан елімізде білім алып жатқан вьетнамдық студенттерге шәкіртақы тағайындауға шешім қабылдады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов үкіметте Вьетнам премьер-министрімен екіжақты кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз Қазақстанда білім алып жатқан вьетнамдық студенттерге, Вьетнамда білім алып жатқан қазақстандық студенттерге шәкіртақы тағайындауға шешім қабылдадық", - деді Кәрім Мәсімов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "өзара туризмді дамыту жөнінде" уағдаластық жасалды".

"Үкімет басшылары мен құзырлы мекемелердің басшылары арасындағы бүгін қол жеткізген елісімдер екі мемлекетті екі халықтың игілігі үшін дамытуға мүмкіндік береді деп сенемін", -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны