11.04.2014, 19:46 3450

Қазақстан "Заманауи жібек жолы" туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болады

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан "Түркілік кеңес": Заманауи жібек жолы" туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев бастаған қазақстандық делегаттар туризм саласындағы түркі тілдес елдердің әріптестік кеңесінің жұмыс тобының екінші кездесуіне қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан "Түркілік кеңес": Заманауи жібек жолы" туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.

Жоспар бойынша этномәдени және экологиялық туризмды дамытуға бағытталған Ұлы Жібек жолы бойына біріккен туристік бағыт бекітіледі.

Тараптар бірыңғай туристік өнім құру жұмысына Түркі кеңесі елдеріне ұлттық туристік қауымдастық тартуға келісті.

Сонымен қатар, елдер мен оның туристік мүмкіндіктері туралы жалпы ақпарат мен арнайы тур ұйымдастыратын компаниялар туралы тәжірибелік мәліметтерді қамтитын "Түркі кеңесінің Заманауи Жібек жолының туристік жол картасын" дайындау туралы келісімге келді.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті Марат Иғалиевтің Түркі кеңесі басшысы Халил Акынжымен кездесу қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Түркия туризм саласындағы көрме, кәсіби тренингтер, тұрақты семинарлар арқылы мамандармен және тәжірибе алмасу бағдарламасын іске асыратын болады.

Атап айтар болсақ, 2014 жылдың 27 мамыр мен 3 маусым аралығында Белек қаласында қазақстандық қонақжайлық индустриясы өкілдері үшін оқыту семинары өтеді.

Бұған қоса биылғы жылдың жазында Қазақстанда қонақ үй мамандарының біліктіліктерін арттыру бойынша түрік мамандарының қатысуымен кеңейтілген тренинг өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны