22.08.2016, 10:33 3364

Қазақстан жағы украиналық әріптестеріне уран өндіру және оны өӊдеуге арнап мобильді кешендерді пайдалануды ұсынды

Кездесуде тараптар атом саласындағы ынтымақтастықтыӊ болашағын талқылады. Нақты айтқанда, Украинадағы уран кен орындарын игеру мәселесі сөз болды.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясыныӊ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаныӊ Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен кездесті, деп хабарлады "Қазатомөнеркәсіп" АҚ.

Кездесуде тараптар атом саласындағы ынтымақтастықтыӊ болашағын талқылады. Нақты айтқанда, Украинадағы уран кен орындарын игеру мәселесі сөз болды.

Қазақстан жағы украиналық әріптестеріне уран өндіру және оны өӊдеуге арнап отандық Жоғары технологиялар институты әзірлеген мобильді кешендерді пайдалануды ұсынды. Ықшам және күрделі құрылыс салуды қажет етпейтін бұл кешендердіӊ артықшылығы әсіресе, уран қоры шағын учаскелердегі жұмыстар үшін аса маӊызды.

Асқар Жұмағалиев атап өткендей, "Біз инжинирингті жеткізуден бастап толық аяқталған мобильді кешендерді табыстауға дейінгі кез келген қызмет түрін көрсетуге дайынбыз".

Кездесу барысында сондай-ақ, Қазақстанға ион алмастырушы шайырлар жеткізу, украиналық АЭС-ларыныӊ қажетін қанағаттандыру үшін жылу бөлгіш құрамалар шығару және т.б. мәселелер көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар айтылған мәселелердіӊ барлығын бірлескен жұмыс тобы аясында егжей-тегжейлі қарап шығуға келісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны