27.09.2011, 13:45 3096

Қазақстан жанармайға деген сұранысты 2014 жылдың желтоқсан айында толық қанағаттандыра алады

Үкімет басшысы "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында осындай пікірін білдірді.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан жанармайға деген сұранысты 2014 жылдың желтоқсан айында толық қанағаттандыра алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Үкімет басшысы "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында осындай пікірін білдірді.

Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінде елдегі жанармайға қатысты мәселенің басты себебі - мұнай өнімдерін өндіру қуатымен байланысты. "Яғни, Мемлекет басшысы елдегі үш мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау жөніндегі алдыға қойған міндеттер 2014 жылы толық аяқталады. Осы кезде біз елді жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге қатысты тәуелділіктен біржола ажыраймыз. Ал оған дейін біз көптеген түрлі жағдайларға тәуелді боламыз. Өйткені, бізде мұнай өнімін өндіру қуаты жетіспейді. Дегенмен біз мұнай өнімдеріне қатысты қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайды реттеуге барымызды саламыз",-деді К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны