17.01.2018, 16:16 5286

Қазақстан және АҚШ: XXI ғасырдағы кеӊейтілген стратегиялық әріптестік

Президент Дональд Трамп АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеӊейтілген стратегиялық әріптестікті талқылау үшін Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдады

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ақорда "Қазақстан және АҚШ: XXI ғасырдағы кеӊейтілген стратегиялық әріптестік" тақырыбында бюллетень жария етті. Онда былай делінген:

"Президент Дональд Трамп АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеӊейтілген стратегиялық әріптестікті талқылау үшін Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйде қабылдады. Президент Н.Назарбаев Президент Д.Трампқа қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді және оны келешекте Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Екі көшбасшы Қазақстанныӊ тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және егемендігін, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен өркендеу ісін ілгерілетудегі рөлін құптады.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы қарым-қатынастардыӊ даму қарқынын мойындай отырып, көшбасшылар саясат пен қауіпсіздік, сауда мен инвестициялар жөніндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы байланыстарды Кеӊейтілген стратегиялық әріптестік комиссиясы аясында жоғары деӊгейдегі тұрақты кездесулер өткізу арқылы нығайтуға шешім қабылдады. Екі мемлекеттіӊ басшылары "C5+1" диалогы сияқты өӊірлік ынтымақтастық форматтарын пайдалану арқылы Орталық Азиядағы ортақ сын-қатерлерге төтеп беруге дайын екендіктері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, болашақта Ауғанстанныӊ "C5+1" жобаларына қатысуын да құптады. Олар Ауғанстандағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеуге және өӊірдіӊ саяси және экономикалық байланыстарыныӊ одан әрі дамуына ықпал ететін бастамаларды ілгерілетуге қол жеткіземіз деп ұйғарым жасады. Екі ел көшбасшылары заӊ үстемдігі мен адам құқықтарын сақтай отырып, зорлық-зомбылық экстремизмі мен халықаралық терроризмге қарсы тұру үшін ынтымақтастықты тереӊдетуге әзір екендіктерін білдірді.

Халықаралық көшбасшылық мұрасы

Президент Д.Трамп 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ сайланған мүшесі ретіндегі Қазақстанныӊ жаһандық көшбасшылығын атап өтті. Ол 1992 жылы ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқаннан бастап, қаруды таратпау ісіне күш салып келе жатқан халықаралық көшбасшы ретіндегі Қазақстанныӊ мұрасын және ядролық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі міндеттемелерін күшейтуін, сондай-ақ жуырда химиялық қарудыӊ таратылуы мен қолданылуына жол бермеу шараларын күшейтуді қолдағанын жоғары бағалады. Екі көшбасшы Корей Халық Демократиялық Республикасыныӊ ядролық және зымырандық бағдарламаларын қоса алғанда, жаппай қырып-жоятын қарудыӊ заӊсыз таралуын айыптады. Екі ел Президенттері таяуда Қазақстанда ядролық байыту технологияларыныӊ таралу қаупін азайтуға бағытталған МАГАТЭ-ніӊ төмен байытылған уран банкініӊ ашылуын құптады.

Өӊірлік қауіпсіздік

Президент Д.Трамп Ауғанстанға тұрақты логистикалық жәрдем беру және жол ашу, сондай-ақ гуманитарлық көмекті күшейтуге үлес қосу арқылы АҚШ-тыӊ Оӊтүстік Азия жөніндегі стратегиясын қолдауға Қазақстанныӊ берік ұстанымы үшін Президент Назарбаевқа ризашылығын білдірді. Екі көшбасшы ауғандардыӊ өз басшылығымен және күш-жігерімен жүретін бейбіт процес қана Ауғанстанға тұрақтылық пен қауіпсіздік әкелетінін растады. Президент Д.Трамп Қазақстанныӊ ауған қауіпсіздік күштерін қолдауға арналған бұған дейінгі қаржылық жарналарын атап өтті. Президент Назарбаев ауыртпалық жүгініӊ әділ бөлінуін мақұлдай отырып, Ауғанстанныӊ қауіпсіздік проблемасын шешуге қосымша қолдау көрсетуге әзір екенін тағы да растады. Ол, сондай-ақ, Ауғанстан әйелдерініӊ жағдайын жақсартуға ерекше назар аудара отырып, азаматтық және құқық қорғау мамандықтары бойынша Қазақстанда ауғандықтарды даярлау бағдарламасын кеӊейтуді ұсынды. Екі көшбасшы Ауғанстанныӊ көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобаларға Қазақстанныӊ қатысуын құптады. Сирияға қатысты, тараптар зорлық-зомбылық шиеленісініӊ оӊ шешім табуына қол жеткізуге және БҰҰ қолдауымен Женева бейбіт процесі аясында қақтығысты саяси жолмен реттеу негізін нығайтуға бағытталған дипломатиялық бастамаларды құптады.

Қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық

Екі мемлекеттіӊ көшбасшылары өӊірлік қауіпсіздікті қолдау үшін ынтымақтастық, өзара ықпалдастық, қолжетімділікті және логистикалық маршруттарды кеӊейтуге арналған бірқатар келісімдер жасауға ниет білдіре отырып, қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереӊдетуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Екі көшбасшы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери ынтымақтастықтыӊ төртінші бесжылдық жоспарына қол қойылғанын атап өтті. Президенттер интернет арқылы жасалатын электрондық коммерция және қылмыс қаупіне қарсы жаһандық ынтымақтастыққа негіз болатын Киберқылмыстар туралы конвенцияға қосылуға Қазақстанныӊ мүдделілігін зерделеуге дайын екендіктерін айтты. Мұндай көпжақты келісімдерге қатысу халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күресу үшін құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды нығайтатын болады.

Экономикалық ынтымақтастықты нығайту

Президент Н.Назарбаев және Президент Д.Трамп екіжақты сауда мен инвестицияларды ұлғайтуға, екі елде де жұмыс орындары мен мүмкіндіктер ашуға бағытталған әділ және өзара тиімді экономикалық әріптестікті ілгерілетуге әзірліктерін білдірді. Президент Н.Назарбаев Қазақстан экономикасындағы Америка Құрама Штаттарыныӊ жетекші инвестор ретіндегі рөлін атап өтті. Президент Д.Трамп келешекте халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысудыӊ бұлжымас шарты болып табылатын, Қазақстан тарапынан Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы міндеттемелерді орындаудыӊ, әділ еӊбек қатынастарды қолдаудыӊ, келісімшарттардыӊ мызғымастығын қамтамасыз етудіӊ және зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудыӊ маӊыздылығын атап өтті. Президент Д.Трамп Қазақстанныӊ әртараптандырылған және инновациялық экономиканы дамыту жөніндегі өршіл жоспарларын құптап, АҚШ-тыӊ қаржылық даму институттарыныӊ Қазақстанға инвестициялар тартуға мүдделілігін айтты. Екі көшбасшы тұрақты әрі қалыпты сауда қатынастарын дамыту үшін заӊнамалық шараларды қолдайтындықтарын м?лімдеді ж?не Қазақстанға бұл м?ртебені беру екіжақты сауда байланыстарын одан ?рі нығайтуға жәрдемдесетінін мәлімдеді. Екі мемлекет басшылары мұнай-газ, ядролық қаруды таратпау және бейбіт ядролық даму салаларын қоса алғандағы екіжақты энергетикалық ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарын айқындайтын Энергетика саласындағы стратегиялық диалог деӊгейін көтеруді белгілеп берді. Көшбасшылар цифрлық экономика, денсаулық сақтау, коммерциялық авиация, қаржы, банк ісі, ауыл шаруашылығы және ғарышты зерттеу салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Президенттер Орталық Азиядағы Сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімге (TIFA) өздерініӊ ықыласты екенін растады және Ауғанстанныӊ болашақта TIFA Кеӊесініӊ кездесулеріне қатысуын құптады. Қазақстан және Құрама Штаттар Қазақстандағы қоршаған ортаға төнетін қауіптерді бағалап, табиғи апаттар қатерін азайту үшін ғарыштық технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр. Көшбасшылар, сондай-ақ, Қазақстан экономикасы үшін қандай да бір аӊдаусыз жағдайды болдырмау мақсатымен санкциялар мәселелері бойынша кеӊесіп отыруға ниетті екендіктерін білдірді. Соӊында Президент Д.Трамп Н.Назарбаевты Қазақстанныӊ экономикалық әлеуетін танытқан, аумағына "Астана" халықаралық қаржы орталығы орналасатын "ЕХРО-2017" көрмесініӊ табысты өтуімен құттықтады.

Адами өлшем

Президенттер адам капиталын дамытуға деген ұмтылыс екі елдіӊ жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне қолдау болатын болашаққа деген инвестициялар екенін мойындады. Көшбасшылар екі ел арасындағы дипломатиялық және консулдық байланыстарды кеӊейтуді жөн көрді. Президент Д.Трамп Қазақстанныӊ ағылшын тілін меӊгеру деӊгейін көтеруге бағытталған бастамасын құптап, Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын жетілдіру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны