27.05.2015, 15:23 3987

Қазақстан және БҰҰ Таяу Шығыста бейбітшілікті ілгерілету, ұйымныӊ 70-жылдығын тойлау мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниет етті

Астана қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Дариға Назарбаева және ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысыныӊ орынбасары Кристина Гайакпен кездесті. Кездесу барысында жаһандық ұйыммен бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті күшейту саласында ынтымақтастықты нығайту келешектерін талқыланды

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Астана қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасыныӊ орынбасары Дариға Назарбаева және ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысыныӊ орынбасары Кристина Гайакпен кездесті. Кездесу барысында жаһандық ұйыммен бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті күшейту саласында ынтымақтастықты нығайту келешектерін талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу Астанада 26-27 мамыр аралығы кезеӊін қамтитын БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ бірлесе ұйымдастырылған бұқаралық ақпарат құралдарына арналған Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселелері бойынша БҰҰ Халықаралық семинары аясында өтті, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Д. Назарбаева Қазақстан халықаралық қоғамдастықтыӊ жауапты әріптесі ретінде Таяу Шығыстағы бейбіт реттеу үдерісін ілгерілетуге өз үлесін қосуда және ол сол жол ұстанымыныӊ жаӊа айғағы аталған семинардыӊ Астанада ұйымдастырылуы болып табылатынын атап өтті.

К. Гайак, өз кезегінде, Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Қазақстанмен халықаралық аренада өзара түсіністікті нығайту мәселелері бойынша тығыз әрекеттестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін айрықша атап өтті. Осыған орай, талқылаушы тараптар БҰҰ ҚАД және төрайымы Д. Назарбаева болып табылатын Еуразиялық медиа форумныӊ ұйымдастырушылық комитеті арасындағы ынтымақтастық болашағын талқылады.

Осындай жұмыс барысыныӊ бірден-бір келешегі бар тақырыбын ашып көрсету үшін 2015 жылы БҰҰ-ныӊ 70-жылдығын атап өту болып табылады. Аталған тақырыпқа ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айында Нью-Йоркте болатын мерейтойлық саммитте жоспарланған қабылдаулар қосымша өзектілік береді. Адамзаттыӊ тұрақты дамуыныӊ мақсаты және Пост-2015 болып аталатынныӊ күн тәртібі - 2015 жылдан кейінгі кезеӊде жаһандық дамудыӊ жоспары болып табылады. Е. Ыдырысов атап көрсеткендей, жаһандану деӊгейдегі төзімділік және өзара түсіністік, экстремизмге қарсы іс-әрекет тақырыптары маӊызды болып ұсынылуы керек. Сонымен бірге, еӊ алдымен ақпараттық кеӊістікте ынтымақтастық туралы, бейбіт өмір сүрудіӊ маӊызды қағидаларын белсенді және тереӊ түсіндіру, өзара түсіну және келісім, зорлық-зомбылықты қабылдамау, сондай-ақ аталған салаларда таӊдаулы тәжірибемен алмасу туралы әӊгіме қозғалмақ.

Жалпы БҰҰ-мен өзара іс-әрекеттесу туралы айтылған кезде ҚР Сыртқы саяси ведомствоныӊ басшысы берілген жаһандық ұйымныӊ еліміздегі алатын жоғары беделі мен халықаралық саясаттыӊ басты органы ретінде ілгері нығайту және бекітуде Астана өз мүдделілігін айрықша білдірді. Аталған бағытта маӊызды қадам - Алматыда БҰҰ-ныӊ өӊірлік дипломатиясыныӊ хабын құру болып табылатынын Е. Ыдырысов атап көрсетті, оған қоса Қазақстанныӊ "оӊтүстік астанасында" БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдардыӊ 18 өӊірлік өкілдігі қызметін атқаратынын да айтып өтті.

Талқылаушы тараптар бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ықыласындағы ілгері ынтымақтастықты арттырамыз деп келісті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны