19.02.2015, 17:59 4244

Қазақстан және Германия экономика, сауда және инвестициялар салаларында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Ү.ж. 18 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 2016 ж. ЕҚЫҰ төрағалығы бойынша ФГР Үкіметініӊ, Ресей Федерациясы, Орталық Азия және Шығыс серіктестік елдермен ынтымақтастық бойынша ФГР СІМ-ніӊ өкілі, Бундестаг депутаты Гернот Эрлермен кездесті. Олар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, халықаралық күн тәртібініӊ өзекті сұрақтарын.

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Ү.ж. 18 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов 2016 ж. ЕҚЫҰ төрағалығы бойынша ФГР Үкіметініӊ, Ресей Федерациясы, Орталық Азия және Шығыс серіктестік елдермен ынтымақтастық бойынша ФГР СІМ-ніӊ өкілі, Бундестаг депутаты Гернот Эрлермен кездесті. Олар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, халықаралық күн тәртібініӊ өзекті сұрақтарын, ҚР және ЕҚЫҰ ықпалдастығын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Е. Ыдырысов Г. Эрлерді елініӊ 2016 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына сайлануымен құттықтап, Германия Қазақстан үшін Еуропадағы маӊызды серіктес, және елдеріміз арасындағы қатынастар сенімді, ашық және жемісті сипатқа ие деп атап өтті. ҚР Президенті Н. Назарбаев пен ФГР Канцлері А. Меркельдіӊ арасындағы тікелей және дағдылы байланыс осыныӊ көрінісі болып табылады, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Министр ҚР және ФГР екіжақты ынтымақтастығын жоғары бағалап, Германия СІМ басшысы Ф.-В. Штайнмайердіӊ өткен жылдыӊ соӊында Қазақстанға сапарыныӊ жемісті болғанын атап өтті. "Германия Қазақстанныӊ басты сауда серіктесі. Қазақстан-германдық сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық жұмыс тобыныӊ және қазақстан-германдық стратегиялық ынтымақтастық бойынша іскер тобыныӊ жұмыстары белсенді атқарылуда. Біз ынтымақтастығымызды жан-жақты тереӊдетуге ниеттіміз", - деп атап өтті ол.

Екі елдіӊ сауда-экономикалық қатынастарын талқылап, ҚР СІМ басшысы неміс компанияларын Қазақстанныӊ көліктік, индустриалды, энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша Елбасы "Нұрлы жол" Жаӊа экономикалық саясатында үндеген стратегиялық жоспарды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар, "ЭКСПО-2017" шарасына неміс тарапы белсенді қатысады деген үмітін білдірді.

Бундестаг депутаты Қазақстанныӊ, және Астананыӊ неміс инвесторлары мен бизнесмендері үшін тартымды екенін айтты. "Мен кезінде Германиядағы герман-қазақстандық қауымдастығына төрағалық еттім және бірлескен бизнес табыстары жөнінде өз тәжірибемнен білемін. Біз экономика, сауда және инвестициялар салаларында ынтымақтастықтыӊ одан әрі дамуына мүдделіміз", - деп атап өтті ол.

Украинадағы және соныӊ айналасындағы жағдай кездесудіӊ маӊызды тақырыбына айналды. Е. Ыдырысов Германияныӊ және жеке А. Меркельдіӊ дағдарысты реттеуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Оныӊ айтуынша, Қазақстан Германияныӊ күш-жігерін толығымен қолдайды. "Біздіӊ Елбасымыз бен қазақстандық СІМ жағдайдыӊ дамуын бақылап отыр. Қазақстан мен Германияныӊ ұстанымдары сәйкес келеді. Дағдарыс тек бейбіт жолмен реттелуі керек, одан басқа жол жоқ",- деді ҚР СІМ басшысы.

Г.Эрлер Қазақстанға және жеке Мемлекет Басшысына украиндық дағдарысты реттеу жөніндегі ұстанымы үшін алғысын жеткізді. "Біз Президент Н. Назарбаевтыӊ жеке үлесін жоғары бағалаймыз және қақтығыстыӊ шешілуінде Қазақстанныӊ қолдауына ие боламыз деп есептейміз. Сонымен қатар, біз дағдарыс тек саяси құралдармен реттелуі керек деп санаймыз. Бұл мәселеніӊ әскери шешімі болуы мүмкін емес", - деп атап өтті ол.

ҚР мен ЕҚЫҰ ынтымақтастық мәселелерін талқылай келе, ҚР СІМ басшысы Мемлекет Басшысыныӊ 1975 жылғы Хельсинкі актісініӊ баламасы бойынша концептуалды жаӊа келісім әзірлеу туралы ұсынысына назар аударды. "Бүгінде сенімділікті қайта орнату мәселесі өте өзекті мәселе. Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті барысында ортақ бөлінбейтін еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығы туралы идеямыз қатысушы мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бұл қауіпсіздктіӊ жаӊа өлшемі, біз ынтымақтастықты барлық тараптар үшін оӊ нәтижемен жалғастыруымыз қажет", - деді ол.

Өз кекзегінде, неміс депутаты да сенімніӊ болмауы ғаламдық қауіпсіздіктіӊ басты қаупі болып отыр деп атап өтті. Осы орайда ол ЕО мен ЕАЭО арасында диалог орнату маӊыздылығын айтып кетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны