28.01.2016, 18:57 4801

Қазақстан және Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Италия Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинныӊ Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековпен кездесуі өтті.

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Италия Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинныӊ Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековпен кездесуі өтті.

Шара барысында Италия мен Қазақстан арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейту туралы мәлімдемеге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуді италияндық және қазақстандық бизнес өкілдері жалғастырды. Шетелдік делегацияны "INALCA" Вице-президенті Луиджи Скордамалья, "Agrotecnica" компанияныӊ директоры Микеле ДИАразмо, "Rovani" компаниясыныӊ жетекшісі Оде Ровани, "EB Service" компаниясыныӊ директоры Марко Беретта және т.б. өкілдер құраған болса, қазақстандық өкілдерін "Евразия АгроХолдинг", "Шаӊырак", "Ақтөбе Жылыжай" компанияларыныӊ басшылары, "Қазақстанныӊ ет бірлестігі", "Құс өсірушілер бірлестігі", "Ет-сүт бірлестіктерініӊ" жетекшілері құрады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны