19.06.2008, 18:29 3053

Қазақстан Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі - Назарбаев

Қазақстан Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония парламентінің кеңесшілер палатасының (жоғарғы палата) спикері Сатцуки Эдамен келіссөздері барысында мәлімдеді, деп мәлім етті мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов...

Токио. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония парламентінің кеңесшілер палатасының (жоғарғы палата) спикері Сатцуки Эдамен келіссөздері барысында мәлімдеді, деп мәлім етті мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кездесу барысында Қазақстан президенті Жапонияға жасаған сапарының мақсаты екі елдің арасындағы, оның ішінде ауыл шаруашылық және азық-түлік саласындағы экономикалық ынтымақтастықты қарқындандыру екендігін атап көрсетті", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, Е. Байжановтың айтуынша, Қазақстан басшысы Жапонияға Семей өңірі мен Арал теңізін қалпына келтіруде көрсеткен көмегіне ризашылығын білдіріп, Жапонияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастамаларын қолдайтынын хабарлады.

Сатцуки Эда Жапонияның Қазақстанмен арадағы серіктестікті жоғары бағалайтынын және көптеген салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігіне сендірді.

Қазақстан президенті сондай-ақ парламенттің өкілдер палатасының (төменгі палата) спикері Йохей Кономен де келіссөздер жүргізді. "Иңгіме барысында президент парламентаралық байланыстардың дамуының маңызды рөлін атап өтіп, "Жапония - Орталық Азия" қатынастар форматына қолдау білдірді", - деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны