24.04.2014, 20:55 3776

Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 38-ші орында

Осылайша, Қазақстан Кипр (37) мен Латвияның (39) арасынан орын ала отырып ТМД елдері бойынша ең үздік көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі.

Алматы. 24 сәуір. Kazakhstan today. Дүниежүзілік экономикалық форумның жариялаған мәліметіне сай, Қазақстан әлемнің 148 елінің арасынан желілік дайындық бойынша өткен 2013 жылғы көрсеткіштен 5 орын алға жылжып, 38 орынға табан тіреді.

Осылайша, Қазақстан Кипр (37) мен Латвияның (39) арасынан орын ала отырып ТМД елдері бойынша ең үздік көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі.

Ресей бұрынғыша 50-ші орыннан көрінді.

ДЭФ рейтингін 2014 жылы Финляндия бастап тұрса, Сингапур екінші орнын сақтап қалды. Швеция үшінші орында.

Айта кету керек, желілік дайындық индексі елдегі ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) даму деңгейін анықтайды және бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі.

Мысалға, ұялы байланыс абоненттері саны бойынша Қазақстан 3 орынға көтерілсе, ғаламторда көпжолақтық қолжетімілік тарифы бойынша өз деңгейін 8 орынға көтерген. Ал ұялы байланыс тарифы бойынша еліміз 148 елдің ішінде 17 орында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны