01.09.2009, 13:56 2661

Қазақстанда 10 жылда зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар 3 еседен аса, шәкіртақы 6 есе өсті

Қазақстанда 10 жылда зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар 3 еседен аса, шәкіртақы 6 есе өсті

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда 10 жылда зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар 3 еседен аса, шәкіртақы 6 есе өсті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Халық санағы көрсеткен басты нәтиже- Қазақстан халқының ауқаты арта түскендігі. 10 жылда адамдардың әл-ауқаты айтарлықтай өсіп, тұрмыстық, баспаналық жағдайлары жақсарды. Зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар 3 еседен аса, шәкіртақы 6 есе өсті. Жеңіл автокөлік иелерінің саны 2,5 есе өсті", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, президенттің атап өткеніндей, халық санағының нәтижесі халықтың ақпараттық сауаттылық деңгейінің өсе түскенін көрсетіп берді. "15 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы халықтың 34% компьютерде жұмыс істеу қабілетіне ие болса, 20% интернетті тұтынады", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны