23.10.2007, 16:24 2842

Қазақстанда 13 - 22 қазан аралығында браконьерліктен келген шығын 10 астам миллион теңгені құраған - ІІМ

Қазақстанда 13 - 22 қазан аралығында браконьерліктен келген шығын 10 астам миллион теңгені құраған - ІІМ

Астана. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында 13 - 22 қазан аралығында браконьерліктен келген шығын 10 миллионнан астам теңгені құраған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Икімшілік полиция комитетінің лицензиялық-рұқсат беру жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Байболов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

М. Байболовтың ақпараттарына сүйенсек, "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ішкі істер органдары заңсыз дайындалған 268 текше метр орман ағашын, 7 тоннаға жуық балық (оның 133 кг бекіре тұқымдас балықтар) тәркілеген. Сонымен қатар, Ішкі істер органдары 268 заңсыз аң аулау нысанын, 1040 жуық заң бұзу қаруын анықтаған, оның 313 бірлігі аң аулау ату қаруы, 23 жүзу құралдары.

"Табиғатты қорғау заңын бұзған 2044 дерек анықталған. 1961 әкімшілік хаттама құрылып, жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге айыппұл салынған",- деді басқарма бастығының әкімі. Салыстыру үшін: өткен жылдың осы мерзімінде 2,5 мыңға жуық заң бұзушылықтар анықталған. "Өткен жылмен салыстырғанда айырмашылық көп емес",- деп қорытындылады ол.

Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Ішкі істер органдары үстіміздегі жылдың 9 айында 3 мыңға жуық табиғатты қорғау заңын бұзу дереген анықтап, 93 тонна заңсыз ауланған балық тәркілеген, оның 8,5 тоннасы бекіре тұқымдас балықтар, 203 кг уылдырық, 1870 аулау құралы, 128 жүзу құралдары, 4 мың кг астам заңсыз дайындалған ағаштар. Сонымен қатар, 732 заңсыз аң аулау дерегі анықталып, 2629 әкімшілік хаттама құрылған. 6 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны