29.01.2009, 17:20 3020

Қазақстанда 15 жылда алғаш рет жолдардағы апаттар саны айтарлықтай азайды - ҚР ІІМ

Қазақстанда 15 жылда алғаш рет жолдардағы апаттар саны айтарлықтай азайды - ҚР ІІМ

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 15 жылда алғаш рет жолдардағы апаттар саны айтарлықтай азайды. Бұл туралы бүгін өткен алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекет басшысының айрықша назары мен сіздің қолдауыңызбен жолдардағы тәртіптік ахуал біршама жақсарды. Елімізде 15 жылда алғаш рет жолдардағы апаттар саны айтарлықтай азайды. Жол апаттарының саны шамамен 14% (15 942 оқиғадан 13 739 дейін), сол сияқты зардап шеккендер саны да азайды (18 951-ден 16 300 адамға дейін). Қаза тапқандар саны 23% кеміді, демек, мыңдаған адамдардың өмірі сақталды", - деді Б. Мұхамеджанов үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың алдында берген есебінде.

Б. Мұхамеджанов осы орайда жолдардағы қауіпсіздікке қойылатын талаптар төмендемейді деп атап өтті. "Бұл біздің басым мақсаттарымыздың бірі болып қала береді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны