30.11.2012, 12:10 5991

Қазақстанда 17 үй құрылысы комбинатын ашу жоспарлануда

Мәжілісте көрсетілгендей, "Қолжетімді баспана 2020" бағдарламасы аясында құрылыс көлемі мен қуатына байланысты ҮҚК өңірлерде ашылатын болады.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда 17 үй құрылысы комбинатын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министр орынбасарымен өткен мәжілісте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешов мәлімдеді, деп хабарлады ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі.

Мәжілісте көрсетілгендей, "Қолжетімді баспана 2020" бағдарламасы аясында құрылыс көлемі мен қуатына байланысты ҮҚК өңірлерде ашылатын болады.

"Бүгінгі таңда 17 үй құрылысы комбинатын ашу жоспарланып отыр, оның 11-і ірі панельді үй құрылысы технологиясын пайдалануға ниетті, алтауы құрастырмалы каркасты үй құрылысына арналған. 2012 жылдың соңына дейін ОҚО-да "Оңтүстік Құрылыс Сервис" ЖШС-тың бір жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр, 13 жобаны 2013 жылы аяқтау көзделсе, 3 жоба бойынша енгізілу мерзімі анықталуда", - делінген ақпаратта.

10 жоба (ҮҚК) "Өнімділік 2020" бағдарламасының, 4 жоба "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының механизмдерін пайдалануды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, "Самұрық Қазына Инвест" АҚ арқылы 1 жоба, ЕДБ арқылы 2 жоба қаржыландырылмақ.

3 жоба "Өнімділік 2020" бағдарламасына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны