22.05.2008, 10:22 1277

Қазақстанда 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынады - үкімет қаулысы

Қазақстанда 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынады - үкімет қаулысы

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресми баспасөзде бүгін, бейсенбіде республика аумағынан тысқары жерлерге жанармай мен дизельдік отынды шығаруға уақытша тыйым салу жөніндегі ҚР үкіметінің қаулысы жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаулы ресми түрде алғаш рет жарияланғаннан 10 күннен кейін күшіне енеді", -делінген құжат мәтінінде.

Қаулыға сәйкес мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін республика аумағынан тысқары жерлерге жанармай мен дизельдік отынды шығаруға уақытша тыйым салынады.

ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетіне қаулыны орындауға қажетті шараларды алу тапсырылды.

ҚР СІМ-іне ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетіне Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынғаны жөнінде хабарлама жолдау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны