12.01.2007, 12:43 2974

Қазақстанда 2007 жылғы аң аулау лимиті белгіленді

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметінің қаулысымен 2007 жылғы аң аулау лимиті белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Үкімет бекіткен тізімге 54 мыңнан астам суыр, 227,3 мың ондатр, 200 бұлғын, 1 мыңнан астам су құндызы, 22 мыңнан астам түлкі, 6,7 мың қарсақ, 176 мың қоян және 600 американдық қаракүзен енгізілген.

Сонымен қатар, 3320 борсық, 1,5 мың тиін, 250 арыс , 3,6 мыңнан астам жазық күзені, 200 колонок, 10 сілеусін және 10 кәмшат аулауға рұқсат берілді.

Аулауға рұқсат берілген құстар тізіміне 213 мың қаз, 931 мың үйрек, 199 мың қасқалдақ, 15 мың балшық құсы , 33,8 мың құр, 80 ата құр және 4 мың шіл кірген. Сонымен қатар, 55 мың қырғауыл, 1 мың ұлар, 71,2 мың кекілік, 88,7 мың тау кекілігі, 66,2 мың бөдене, 87,8 мың көгершін аулау лимиті белгіленді.

Үкімет белгілеген лимитке, сондай-ақ, 24 бұлан, 363 бұғы, 3230 сібір елігі, 1050 тау ешкісі және 56 қоңыр аю кірген.

Үкімет ауылшаруашылық министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетіне аң аулау квотасын тұтынушалар арасында белгіленген лимит негізінде бөлуді тапсырды.

Қаулы мәтіні ресми БАҚ-тарда жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны